
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылғы 2-4 наурыз аралығында Сандықтау ауылындағы «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы – бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру-дамыту бағдарламасы. Олимпиада жеке және командалық сайыс болып табылады.
Облыстық кезеңі 3 турдан тұрды:
1-тур – «Әу, баста!» (командалық тур).
2-тур – «Асық» (командалық тур)
3-тур – «Математикалық бәйге» (жеке тур)
Әр команданың құрамы үш адамнан тұрды: 2 сыныптан -1 оқушы, 3 сыныптан-1 оқушы, 4 сыныптан-1 оқушы.
Облыстық кезеңге 105 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Командалық турдан:
1 орын – «Қосшы қаласының командасы» командасы ие болды;
1 орын – Бурабай ауданының «Smart» командасы ие болды;
2 орын – «Көкшетау қаласының командасы» командасы ие болды;
2 орын – Аршалы ауданының «Достық» командасы ие болды;
2 орын – Жарқайың ауданының «Цифрики» командасы ие болды;
2 орын – «Көкшетау қаласының командасы» командасы ие болды;
3 орын – Бұланды ауданының «Жарқын болашақ» командасы ие болды;
3 орын – Степногорск қаласының «Ой қырандары» командасы ие болды.
3 орын – Бурабай ауданының «Біргірлер» командасы командасы ие болды;
3 орын Атбасар ауданының «Ақыл – ой күші» командасы ие болды.
3 орын Есіл ауданының «Математический десант» командасы ие болды.
Сонымен қатар, Жеке турдан 20 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 11 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.
Ақмола облысының намысын «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде бірінші орын алған командалар қорғайтын болады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1175337?lang=kk

Жауап қалдыру