
«Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйек
№ 1465 Қаулысы
Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру, өткiзiлетiн салтанатты iс-шараларды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
- Республикалық деңгейде мыналар аталып өтiледi деп белгiленсiн:
– жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндерi, республиканың экономикалық және рухани әлеуетiне аса зор үлес қосқан қызметтiң түрлi саласындағы жекелеген ұйымдардың құрылған жылдықтары;
– рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары.
- 1) облыстардың, қалалардың, қызметтің түрлi саласындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзген ұйымдардың мерейтойлары жүз жылдығында және одан әрi әрбiр 25 жылда аталып өтiледi;
2) жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта – жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi.
3) республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлық және атаулы күндердi мерекелеу Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негiзiнде
жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
- «Мерейтойларды өткiзу мен атаулы даталарды мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 7 маусымдағы № 465 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1993 ж., N 22,
276-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1175279?lang=kk

Жауап қалдыру