Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласының жұмысшы жастарымен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Кездесу барысында адами капиталды дамыту және жаңа Конституция жобасы аясындағы жастардың рөлі талқыланды.
          Өңір басшысы өзгерістердің негізінде адам құқықтары мен бостандықтары жатқанын, яғни ел болашағын құру жастардың қолында екенін атап өтті. Бүгінде облыста 7,3 трлн теңгеге 107 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда және бұл 16 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ білім беру мен стартап бағдарламалары, IT-хаб жұмыс істеуде және жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтілуде.
          Кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағдарлары ретінде әлеуметтік әділдік, заң үстемдігі, еңбек адамын қолдау, экологиялық жауапкершілікті дамыту және мемлекеттілікті нығайтуды атап өтті. Сонымен қатар ел болашағына саналы көзқараспен қараудың және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығына тоқталды.
          Кездесу соңында Асайын Байханов жастарды 15 наурызда өтетін референдумға жауапкершілікпен қатысуға шақырып, өңірдің болашағы оның барлық тұрғындарына ортақ іс екенін ерекше атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-akkuly/press/news/details/1175412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді