Қарағандыда туберкулездің алдын алу айлығы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Біз туберкулезді жеңе аламыз!»  ұранымен туберкулездің алдын алу айлығы өткізілуде.

Айлық аясында ағымдағы жылғы 5 наурызда «Алтын Арба» базарында жылжымалы флюорографиялық кабинеттің жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазыбек би атындағы ауданның Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қарағанды облысының денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп өткізуде. Басқарма мамандары туберкулездің алдын алу мақсатында жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өтуге шақырды.

Туберкулез — ауа-тамшылы жолмен берілетін жұқпалы ауру. Ең көп таралған түрі — өкпе туберкулезі. Аурудың негізгі алдын алу шараларының бірі — флюорографиялық тексеруден уақтылы өту.

Жыл сайынғы профилактикалық флюорографиялық тексеруден 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен ересек тұрғындар өтуі тиіс.

Қала тұрғындарын келесі мекенжайлар бойынша жылжымалы флюорографиялық кабинеттерде тегін профилактикалық тексеруден өтуге шақырамыз:

* «Алтын Арба» базары — 2026 жылғы 6 наурызда, сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін

* «Арай» базары — 2026 жылғы 11 наурызда, сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін

* «Global City» сауда үйі — 2026 жылғы 13 наурызда, сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін.

Тексеру тегін жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келу қажет.

Екі аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі, түнгі тершеңдік немесе салмақ жоғалту байқалған жағдайда, дереу дәрігерге қаралу ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1175417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді