«Қоғамдағы әйелдің рөлі: үн, ықпал, жауапкершілік»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
    Бударин ауылдық округінің Мәдениет үйінде «Қоғамдағы әйелдің рөлі: үн, ықпал, жауапкершілік» атты аудандық әйелдер форумы өтті. Форумға аудан әкімі Мұрат Сердалин, аудандық сот төрағасы Гүлжихан Сағитова, ауылдық округтерден аналар мен арулар, әйелдер кеңесінің төрайымдары, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.
      Жиында сөз алған аудан әкімі әйелдердің қоғамдағы орны мен отбасы құндылықтарын нығайтудағы рөліне тоқталып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар форум спикерлері – ақын, ардагер ұстаз Үзілдік Елеубайқызы, «ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» Баян Қабиева, ардагер ұстаз Злиха Жақсыбаева және Бударин ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Ғайни Машаева өз ой-пікірлерін ортаға салып, әйел-аналардың тәрбиедегі, қоғамдық өмірдегі ықпалы жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik-budarin/press/news/details/1175288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді