САЙРАМ АУДАНЫНДА АРДАГЕР АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы және аудан әкімінің орынбасарлары Сержан Дүйсебаев, Шухратулла Убайдуллаев, Руслан Мұздыбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар ардагер аналарды арнайы құттықтады.
Атап айтқанда, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметтерін атқарған Калыбаева Мария Жахангерқызы, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған Хакимова Тамара, Арыс ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Сайдазимова Хамида Сайдахметовна, аудандық перзентхана меңгерушісі қызметін атқарған Алметова Данеш Оразғалиқызы, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған Соколинская Раиса Владимировна мерекемен құттықталып, сый-сияпаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, Ақсукент елді мекенінің тұрғыны, 11 баланың анасы, 37 жастағы Иванова Мария Владимировна, 96 жастағы Тұрымбетова Аршын әже және Жібек жолы елді мекенінің тұрғыны 96 жастағы Камишбеков Тасбике әже де мерекемен арнайы құттықталып, ізгі тілектер айтылып, сый-сияпаттар табыс етілді.
 
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1175733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді