Сұрақ-жауап айдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл – заңды күшіне енген атқарушылық құжаттың талаптарын орындамаған борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылатын мәжбүрлеп орындату шарасы.

Шетелге шығуға уақытша шектеу «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 33-бабы негізінде қолданылады. Аталған бапқа сәйкес, сот орындаушысы борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, сондай-ақ заңды тұлғаның басшысының (міндетін атқарушы тұлғаның) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға міндетті, егер:
1. атқарушылық құжат бойынша мерзімді төлемдерді өндіру туралы талаптар үш айдан астам уақыт бойы орындалмаса;
2. атқарушылық құжаттағы талап сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын болса.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1175387?lang=kk