
04.03.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысының Әділет департаменті және Талдықорған гарнизонының әскери полициясымен бірлесіп, Жетісу облысының адвокаттар алқасы өкілінің қатысуымен мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі бойынша құқықтық консультация беру аясында Талдықорған әскери госпиталіндегі сарбаздармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған іс-шараға 17 әскери борышын өтеуші қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1175185?lang=kk

Жауап қалдыру