
Тағайындау
«ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыз күні Ырғайты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Осыған орай, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізіліп, сайлау қорытындысы ресми түрде жария етілді. Алакөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Тананов Біржан Мақсұдұлы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Тананов Біржан Мақсұдұлы Көктұма ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ, жоғары білімді. Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл. Еңбек жолында жинақтаған тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті жаңа қызметінде оң нәтижесін береді деп сенеміз.
Кездесу барысында жаңадан тағайындалған округ әкіміне жүктелетін негізгі міндеттер нақтыланып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі жалғастыру, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар аудан әкімі А.Абдинов тарапынан берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімі А.Абдинов ел сенімін абыроймен ақтап, жауапты қызметті жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1175842?lang=kk

Жауап қалдыру