Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Астана қаласында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативтері төрағаларымен МИК-ны қайта тіркеу және олардың алдағы қызметі мәселелері бойынша кездесулер өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесулер барысында қолданыстағы заңнама нормалары, МИК қызметін белгіленген талаптарға сәйкес келтіру тәртібі, сондай-ақ кондоминиум объектілерін басқару субъектілерінің одан әрі ұйымдастырушылық-құқықтық қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді.

Талқылауларға Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің өкілдері, сондай-ақ елорда аудандары әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты.
Мұндай кездесулерді өткізу басқару субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, МИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрғын үй заңнамасы нормаларын тиімді іске асыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/1175726?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді