Ұлытау облысының бірыңғай порталы іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
 
Геопорталдың ақпараттық жүйесі аясында облыстың бірыңғай порталы іске қосылды.
 
Порталдың негізгі мақсаты — облыс әкімдігі, ведомстволық бағынысты ұйымдар және бизнес қауымдастығы ұсынатын қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша қолжетімді әрі тиімді форматта ұсыну.
Бүгінгі таңда портал аясында келесі бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде:
 
• коммуналдық қызметтерді автоматтандыру;
• зираттарды түгендеу және жерлеу қызметтерін цифрландыру;
• инвесторларға арналған сервистерді дамыту;
• отбасылық зорлық-зомбылық фактілері бойынша өтініштерді қабылдау;
• сайлау учаскелерін анықтау қызметі;
• жасыл желектерге қатысты өтініштерді қабылдау;
• экстракорпоралдық ұрықтандыру бойынша субсидиялау қызметтерін автоматтандыру.
 
Бірыңғай портал — тұрғындар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдететін заманауи цифрлық алаң.
 
Облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
 
Аталған қызметтің барлығын тұрғындар келесі сілтеме арқылы пайдалана алады: https://iulytau.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/malshybay-zhezkazgan/press/news/details/1175769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді