
ТҮРКІСТАН: ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРГЕН КӘСІПОРЫНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2025 жылы кәсіпкерлік нысандарға 254 тексеру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 235 құқықбұзушылық анықталды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы – 13 571 046 теңге. Бұл туралы брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әсет Төребаев мәлімдеді.
“Жүргізілген тексерістер нәтижесінде 209 салыстырып тексеру сертификатының күші жойылды. Сондай-ақ, “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС-ң “БП Шымкент бөлімшесі” филиалына қатысты бірлескен тексеріс бойынша департаменттің бұйрығымен өлшеу құралдарын тексеру қағидаларын бұза отырып берілген сертификаттардың 5 101 бірлігінің күші жойылды. Сонымен қатар, “Қазақстандық Цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының” өтініші бойынша Өзбекстанда өндірілген цемент өнімін сатуға қатысты 4 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, жалған сәйкестік сертификаттары мен цементті сату және таңбалау бөлігіндегі заңсыз деректер анықталды. Нәтижесінде 3 577 қап «CONCH» маркалы цемент өнімін сатуға тыйым салу туралы қаулы шығарылды. Сондай-ақ, маркетплейстерді талдау және мониторинг нәтижелері бойынша 41 кәсіпкерлік нысанына қатысты заңсыз әрекеттерді жою туралы ұсынымдар берілді. Департамент тарапынан облыс аумағындағы 58 автожанармай құю станциясына профилактикалық бақылау жүргізіліп, 19-ында кемшіліктер анықталып жойылды. Былтыр бағалы бұйымдарға жүргізілген тексеру жұмыстары барысында 66 оқиғаның алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Одан бөлек, өңірде 5 сәйкестік туралы декларацияның күші жойылды”, – деді спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————-
ТУРКЕСТАН: ОШТРАФОВАНЫ ПРЕДПРИЯТИЯ, ДОПУСТИВШИЕ НАРУШЕНИЯ В СФЕРЕ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ
Департаментом Комитета технического регулирования и метрологии по Туркестанской области в 2025 году проведено 254 проверки объектов предпринимательства, в результате которых выявлено 235 правонарушений. Общая сумма наложенных административных штрафов – 13 571 046 тенге. Об этом на брифинге сообщил руководитель департамента Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции РК по Туркестанской области Асет Торебаев.
“В результате проведенных проверок было аннулировано 209 сертификатов сверки. Также по совместной проверке в отношении филиала “Шымкентское отделение БП” ТОО “КТЖ-Грузовые перевозки ” приказом Департамента отменено 5 101 единица сертификатов, выданных с нарушением правил поверки средств измерений. Кроме того, по заявлению “Казахстанской Ассоциации производителей цемента и бетона” было проведено 4 внеплановых проверки в отношении реализации цементной продукции, произведенной в Узбекистане, выявлены поддельные сертификаты соответствия и незаконные данные в части реализации и маркировки цемента. В результате вынесено постановление о запрете реализации 3 577 мешков цементной продукции марки “CONCH”. Также по результатам анализа и мониторинга маркетплейсов даны рекомендации об устранении противоправных действий в отношении 41 объекта предпринимательства. Департаментом проведен профилактический контроль за 58 автозаправочными станциями на территории области, выявлены и устранены недостатки в 19. В ходе проведенных в прошлом году проверочных работ по ценным изделиям проведены работы по профилактике 66 происшествий. Кроме того, в регионе отменены 5 деклараций о соответствии”, – сказал спикер.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1175226?lang=kk

Жауап қалдыру