🔰 Анаға – тағзым, мейірімге – құрмет, нәзіктікке – ізет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қайрат ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Аудан әкімі әйелдер қауымына құрмет көрсетіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген ардақты аналар мен аяулы аруларды қабылдады.

Мерекелік шара барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екені айтылып, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс білдірілді.

Салтанатты жиында аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы Мұртаза сөз сөйлеп, аналардың еңбегі мен мейірімі әрқашан құрметке лайық екенін атап өтті. Сондай-ақ бірқатар әйелдерге марапаттар табысталды.

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Рымбекұлы Бүрлібаев та құттықтау сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы белсенділігі мен ел дамуына қосып отырған үлесіне тоқталды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар аналарға арнап әсем әндер орындады. Көктемнің шуақты мерекесінде аналар мен аруларға жылы лебіздер айтылып, ерекше құрмет көрсетілді.

🌷 Мерекелік шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әйелдер қауымына деген шынайы құрметтің көрінісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1176857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді