
Мектебімізде Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кештің басты мақсаты – мектеп ұжымындағы аяулы аналар мен ардақты аруларға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы және білім саласындағы еңбегін дәріптеу болды.
Аталған іс-шараға ауыл әкімі А. Болатов арнайы қатысып, жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде ол әйел-аналардың отбасы мен қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың білім мен тәрбие саласына қосып жүрген зор үлесіне алғыс білдірді.
Мерекелік шара барысында мектептің бірқатар ұстаздары мен қызметкерлері көпжылдық еңбегі, білім беру саласына қосқан үлесі және жас ұрпақты тәрбиелеудегі табыстары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Оқушылар аналар мен ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Кеш қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосферада өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybulak/press/news/details/1176567?lang=kk

Жауап қалдыру