
2026 жылғы 6 наурыз күні, көктемнің тамаша мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері тәрбиеленушілердің аналары мен әжелерін мерекемен құттықтады.
Балалар олар үшін ерекше тосынсый дайындады: өз қолдарымен түрлі-түсті қағаздан мерекелік ашықхаттар мен әсем қолөнер бұйымдарын жасап, қиялдары мен еңбектерін көрсетті. Әрбір сыйлық ерекше болып, балалардың жүрек жылуына толы болды.
Өз қолымен жасалған сыйлық әрдайым ерекше құнды, өйткені оған махаббат, қамқорлық және шынайы сезімдер сыйған. Қағаздан жасалған жарқын гүлдердің бояуы әйелдерге мерекелік көңіл күй, шаттық пен көктемнің жылы лебін сыйласын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1176839?lang=kk

Жауап қалдыру