
Өз сөзінде Мұса Оспанұлы әйелдер қауымы тек шаңырақтың ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар ұжымның да тірегі екенін, ортақ жұмыстың алға жылжуына үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Мерекелік жиын аясында бірқатар қызметкерлер марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының Құрмет грамотасымен А. Примова, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен С. Садикова мен Ж. Аханова, сондай-ақ Қызылорда облыстық мәслихаты төрағасының Алғыс хатымен А. Бексұлтанқызы марапатталды.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының мүшелері Н. Қордабай мен Б. Пшанов әйелдер қауымына жүрекжарды лебіздерін білдіріп, мерекелік құттықтау сөз сөйледі.
Жиын соңында нәзік жандылар да ер азаматтардың көрсеткен құрметі мен ықыласына алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1176373?lang=kk

Жауап қалдыру