
Алмалы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өткізілді. 🌸
Мерекелік кештің басында ауылымыздың дамуына өз үлесін қосып жүрген кәсіпкер әйелдерге алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі ерекше аталып өтті. Бұл – ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына үлес қосып жүрген іскер әйелдерге көрсетілген құрмет болды.
Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешке жиналған аналар мен қыз-келіншектерге жылы лебіздер айтылып, мерекелік құттықтаулар жолданды.
Мерекелік кеш барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Барша әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/1176300?lang=kk

Жауап қалдыру