
Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он үшінші сессиясын шақыру туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы 2026 жылғы 17 наурызда сағат 11.00-де Обаған ауылы, Ленина көшесі 4, аудандық әкімдік ғимаратында (2 қабат, отырыс залы) шақырылады.
Кезекті сессия отырысы әлеуметтік желілерде жүргізіледі.
Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді:
– Алтынсарин аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі;
– жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және учаскелік полиция инспекторларының мектептермен жұмысының тиімділігі туралы.
Қосымша ақпарат телефоны: 34-2-57
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1176475?lang=kk

Жауап қалдыру