Ақтауда Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтау қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысып, қала әкімі Әбілқайыр Байпақов оларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Қала әкімі құттықтау сөзінде әйел-аналардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, олардың отбасы мен ел өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті.

– Бүгінгі көктемнің шуақты мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге құрмет көрсетіп, марапат табыстау үшін арнайы бас қосып отырмыз. Адам бойындағы мейірім мен жақсылық атаулының бастауы – ана. Тіршіліктің тірегі де, өмірдің мәні де ананың жүрегінен бастау алады. Сіздер қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп, ел дамуына зор үлес қосып келесіздер, — деді қала әкімі.

Іс-шара барысында әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар әйел азаматшаларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1176444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді