Ақтөбеде гарнизондық саптық шеру өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ақтөбеде “Қазақ халқына мың алғыс” стелласы маңында гарнизондық саптық шеру өткізілді. Іс-шараға полицияның жеке құрамы, ҚР Ұлттық Ұланының әскери қызметшілері, ІІМ-нің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Ақтөбе заң институтының жеке құрамы және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты.

     Гарнизондық саптық байқау облыста бастау алған “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасына байланысты ұйымдастырылды. Саптық шеру қаламыздың құқықтық тәртібін сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

     Іс-шара барысында полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев үлгілі қызметкерлерді марапаттап, олардың қоғамдық тәртіпті сақтаудағы еңбегін атап өтті. Қатысушыларға азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау, заңдылықты қатаң сақтау және қызметтік міндеттерді адал атқару жөнінде тапсырмалар берілді.

     Гарнизондық саптық шеру құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлескен әрі үйлесімді жұмысын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1176420?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді