ЕҢБЕК ПЕН АНАЛЫҚҚА ҚҰРМЕТ ✨

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Халықаралық әйелдер күніне орай ауданымызда мерекелік шаралар жалғасуда. Көпбалалы аналарды құрметтеу және олардың қоғамдағы рөлін бағалау мақсатында салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров көпбалалы аналарды марапаттап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін салтанатты түрде құрметке бөледі.
Шара барысында бірқатар аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды. Сонымен қатар ауданның дамуына өз үлесін қосып жүрген нәзік жандыларға облыс әкімінің, аудан әкімінің Алғыс хаттары және аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы және мәслихат грамотасы табысталды.
Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен мәслихат аппаратының бас маманы Феруза Қалтаеваға табыс етілді.
Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілейміз💐✨.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1176777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді