КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясы өтті. Жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Нұрхан Мережепов төрағалық етті.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелерқаралды. Атап айтқанда, ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Бөлім тарапынан аудан аумағында жүргізілген құрылыс нысандары, инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру және жобалық құжаттамаларды әзірлеу бағытындағы жұмыстар баяндалды.
Сонымен қатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өткен жылғы қызметі талқыланды. Баяндамашылар аудан экономикасының негізгі салалары бойынша атқарылған жұмыстарды, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын мәлімдеді.
Сессия барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары да қаралды. Бұл бағытта халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асқан шаралар жөнінде ақпарат берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер аясында Абай ауылы, Біртілек және Алпамыс батыр ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есептері тыңдалды. Ауылдық округтерде жүзеге асқан әлеуметтік-экономикалық жұмыстар, инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы шаралар баяндалды.
Жиын барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сессия қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1176767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді