
«Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында Алматы қаласы Жетісу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы өзара іс-қимыл жасайтын қызметтермен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындыққа бағытталған бірқатар практикалық іс-шаралар өткізді.
Алғашқы кезекте Есентай өзенінің арнасын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жұмыстар Самырсын көшесі 39а мекенжайы маңындағы учаскеде жүргізілді. Негізгі мақсат — көктемгі су тасқыны кезінде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және су басу қаупін барынша азайту. Іс-шара барысында өзен арнасы қоқыстан, мұз қатпарларынан және қардың еруі кезінде судың өтуіне кедергі келтіруі мүмкін өзге де бөгеттерден тазартылды.
Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде №102 мектеп базасында зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункті жасақталды.
Практикалық дайындық барысында:
•эвакуацияланған азаматтарды тіркеу тәртібі;
•тамақтандыруды ұйымдастыру;
•адамдарды спорт залға орналастыру (жинамалы кереуеттерді орнату, ұйықтау орындарын дайындау) көрсетілді.
Мектеп аумағында қосымша резервтік мүлік сақталған арнайы контейнер орнатылған. Онда:
•қысқы және жазғы шатырлар;
•үстелдер мен қажетті жабдықтар;
•жылу зеңбіректері (жылытқыштар);
•электр генераторлары және өзге де қажетті құрал-жабдықтар орналастырылған.
Сондай-ақ, мүліктің сақталу жағдайы, толықтығы және жедел пайдалануға дайындығы тексерілді.
Бұдан бөлек, оқу-жаттығу аясында мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжымға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар көктемгі кезеңде және су тасқыны кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1176754?lang=kk

Жауап қалдыру