
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермекбаева Жанар Искаковна «Ой сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан мұғалімдерге арналған зияткерлік байқауында жүлделі орын иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік – ұстазымыздың кәсіби шеберлігі мен терең білімінің, сондай-ақ талмай ізденісінің жарқын көрінісі. Әріптесіміздің табысы – мектебіміздің ортақ мақтанышы.
Ұстазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1176122?lang=kk

Жауап қалдыру