
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кездесу «Bolashaq saraiy» сарайында ұйымдастырылды. Құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, олардың департамент қызметіндегі және азаматтық қорғау жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтті.
Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтті. Бірқатар қызметкерлерге грамоталар, алғыс хаттар, төсбелгілер табысталып, кезекті арнайы атақтар берілді. Марапатталғандардың қатарында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері бар.
Ер азаматтар тарапынан департамент қызметкер әйелдері басты кейіпкер болған бейнеролик көрсетілді. Мерекеге келген әрбір әйелге гүл шоқтары табысталды.
Салтанатты іс-шара Көкшетау қаласының шығармашылық ұжымдары мен ТЖД қызметкерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1176820?lang=kk

Жауап қалдыру