Қызметке өмір бойы адалдық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Куатбекова Роза Манбаевна — азаматтық қорғау органдары жүйесінің ардагері, қызметті жай ғана мамандық емес, бүкіл өмірінің ісіне айналдырған жан. Өзінің еңбек жолын ол 1983 жылы ішкі істер органдарында бастады. Ал 1992 жылы Тараз қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі қызметіне ауысты. Қызмет жылдары ішінде кадрлық және әкімшілік бөлімшелерде жауапты лауазымдарды атқарып, жоғары кәсібилігімен, принципшілдігімен және мінсіз жауапкершілігімен ерекшеленді. Оның мол тәжірибесі, нормативтік базаны терең білуі және қызметтің практикалық қырларын жетік меңгеруі ұйымшыл әрі мықты ұжымды қалыптастыруға берік негіз болды. Зейнеткерлік жасқа жетсе де, ол әлі де қызмет қатарында қалып, кадр қызметінде еңбек етіп, жас мамандарға өз тәжірибесін үйретіп келеді. Оның өмір жолы — жауапкершілікке, принципшілдікке және қызметтік борышқа деген құрметке толы тағылымды тарих. Осындай жандардың арқасында қызметтің үздік дәстүрлері сақталып, буындар сабақтастығы нығайып, жүйенің кадрлық әлеуеті қалыптасады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді