
Шардара ауданы әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 3–6 наурыз күндері аралығында аудандағы білім беру ұйымдарында «Жасөспірім» кездесулері өткізілді.
Кездесулерге аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ. Ілесов қатысты.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндіріліп, түнгі уақытта көшеде заңды өкілсіз жүрудің қауіптілігі туралы айтылды. Сондай-ақ, қолайсыз отбасылар мен ата-ананың жауапкершілігі жөнінде ақпарат беріліп, әлеуметтік желілер мен интернет қауіпсіздігі бойынша кеңестер берілді. Соңынан жасөспірімдердің құқықбұзушылығына қатысы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесулер «Шардара» және «Жаушықұм» мектеп-лицейлері, М. Әуезов, М. Горький, Қ. Аманжолов, А. Иманов, Қ. Сағырбайұлы, А. Әлімбетов, Ш. Уалихаов, С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектептерінде, Т. Айбергенов мектеп-гимназиясында, Қоссейіт, Сырдария, №12 жалпы орта мектебі және №3 «Келешек» мектебінде өткізілді.
Іс-шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыруға, олардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1176853?lang=kk

Жауап қалдыру