
ШЫМКЕНТТЕ «ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТЕДІ
🔷 Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6–8 наурыз аралығында «Гүлдер жәрмеңкесі» өтеді. Мерекелік шарада қала тұрғындары мен қонақтары түрлі-түсті, хош иісті гүлдер мен ерекше безендірілген гүл шоқтарын сатып алып, көктемнің әсем лебін сезіне алады.
Жәрмеңке аясында мерекелік көңіл-күй, сәнді безендірілген сауда алаңы және алуан түрлі гүл өнімдері ұсынылады. Жақындарыңызға, аяулы жандарыңызға гүл сыйлап, шаттық пен жылулық сыйлауға тамаша мүмкіндік!
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
* Бірыңғай үлгідегі (ақ түсті) шатыр орнату;
* Сауда орнында тазалық сақтау.
📍 Өтетін орны: Астана алаңы
📅 Күні: 6, 7, 8 наурыз
Көктемнің көркем мерекесін бірге қарсы алайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1176483?lang=kk

Жауап қалдыру