Сұлулық пен мейірім иесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам өмірін сақтау мен қиын сәтте көмек көрсету – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Осындай абыройлы қызметті атқарып жүрген жандардың бірі – Жамбыл облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері Шарипова Азиза Рустамжановна. Азиза Рустамжановна бұл салада 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмек көрсетіп, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға өз үлесін қосып жүр. Азиза Рустамжановна әр науқасқа ерекше ықыласпен қарап, шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетін білікті маман ретінде танылған. Әріптестері оны жауапкершілігі жоғары, өз ісіне адал әрі әрдайым көмекке дайын маман ретінде бағалайды. Оның сұлулығы тек сыртқы келбетінде ғана емес, адамдарға деген қамқорлығы мен жан жылуынан да көрінеді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді