
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін көтерді.
Кездесуде азаматтар тарапынан тұрғын үй алу, жер телімі мәселесі, ауыз су тарту, балалар ойын алаңшасын салу, сондай-ақ демалыс орнын ашу үшін жер учаскесін бөлу сияқты бірқатар өтініштер айтылды. Сонымен қатар әлеуметтік салаға қатысты мәселелер де қозғалды.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайын нақтылап, тиісті бөлім басшылары мен жауапты мекеме өкілдеріне заң аясында зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Жеке қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен өтініштер бақылауға алынып, олардың орындалуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні аталып өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1175992?lang=kk

Жауап қалдыру