ҰЭМ-де Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Ол әйелдердің жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
“Әйел қоғам мен отбасы өмірінде маңызды рөл атқарады. Оның еңбегі, қамқорлығы мен жауапкершілігі мемлекеттің дамуына және отбасылық құндылықты нығайтуға елеулі үлес қосады”, – деп атап өтті Серік Жұманғарин салтанатты жиында.
Бүгінде Ұлттық экономика министрлігінің жүйесінде 400-ге жуық әйел жұмыс істейді. Оның 100-ден астамы басшылық лауазымда мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысуда.
Қызметкерлердің кәсіби жоғары дайындық деңгейі халықаралық біліммен расталған. “Болашақ” халықаралық стипендиясының 10 иегері бар. 29-ы шетелдік жоғары оқу орнында білім алған. Министрлік қызметкерлері түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие бола отырып, спорттық өмірге белсенді қатысады. Жетістіктер қатарында мемлекеттік қызметшілер арасындағы тоғызқұмалақтан өткен турнирден бірінші орын, жеңіл атлетикадан қалалық жарыстарда жүлделі орындар, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар арасындағы спартакиадаларда жеңістер мен жүлделі орындар (2024 жылы 1-орын, 2025 жылы 2-орын) бар.
Салтанатты жиын барысында вице-премьер саланың дамуына елеулі үлес қосқан әйелдерге мемлекеттік наградаларды табыс етті.
“Құрмет” орденімен марапатталғандар:
* Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова;
* “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ Бас ғылыми қызметкері Шахарбану Жақыпова.
“Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталғандар:
* Еңбек ардагері Бақыт Дүйсебаева;
* “Микрография ғылыми-зерттеу институты” республикалық мемлекеттік мекемесінің операторы Айгүл Бекешева.
“Заман-Банк” Ислам Банкі” АҚ Басқарма төрағасы Гүлфайруз Асаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1176875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді