Ұстаздар жаңа Конституцияны қолдайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері Мәдімар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы кеңінен түсіндіріліп, бұл саяси науқан елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам екені айтылды.

Коалиция мүшелері Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулардың қоғам дамуына, әділетті мемлекет қалыптастыруға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Әсіресе, білім саласының дамуы мен ұстаздардың қоғамдағы рөлі туралы да сөз қозғалды.

Ұстаздар қауымымен ашық пікір алмасу өтіп, референдумға белсенді қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі екені айтылды. Кездесу соңында мектеп ұжымы ел болашағы үшін маңызды науқанға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1176227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді