ЖАДЫНАМА СУ БАСУ ҚАТЕРІ ТӨНГЕН ЖӘНЕ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖАДЫНАМА

СУ БАСУ ҚАТЕРІ ТӨНГЕН ЖӘНЕ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

 

Су басқанша дейін:

  • су басу қатері туындағаны туралы дабыл (хабарлама) алған кезде құжаттарды, құнды заттарды дайындап, оларды арнайы чемоданға немесе арқа қоржынға салу қажет;
  • мүліктерді және материалдық құндылықтарды қауіпсіз жерге апару (шатыр, төбе) немесе оларды жоғары (шкаф, антресолға) қою қажет;
  • отбасы мүшесімен эвакуация жолын, ықтимал су басу шекарасын ( су басу), сонымен қатар эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру орындарын зерттеу;
  • су басу кенеттен және қарқынды дамып келе жатқан жағдайда қайықтардың, салдардың тұрған жерімен танысыңыз.

 

Су басу кезінде:

а) егерде су басу кенеттен болса

  • ғимараттың жоғарғы қабатына, шатырға, немесе жердің көтеріңкі учаскесіне көтеріліп, өзіңізбен бірге  эвакуациялау үшін  жарамды заттарды  (автомобиль камерасын, үрлемелі матрас және т. б.), сондай-ақ өзіңіз орналасқан жерді көрсету үшін (ашық түсті мата, қол шамы) болуы қажет;
  • көмек келгенше дейін сигнал беріп, өз орнында болу қажет;
  • су баспаған аумақтарға тек өте қажет болғанда ғана өзін өзі эвакуациялау керек: зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, су мен азық-түлік жоқ болған кезде, жағдайдың нашарлану қауіпі төнген немесе басқа жақтан көмек келмейтініне сенімнің жоғалуынан;

б) егер сіз үйде болсаңыз

  • оқиғалардың дамуымен хабардар болу үшін радио немесе теледидарды қосу қажет;
  • мүгедектер мен қарттарға, балаларға көмек көрсетіп, көршілерді ескерту қажет;
  • уақыт болған жағдайда газды сөндіріңіз, терезелер мен есіктерді тығыз жабыңыз;
  • өзіңізбен бірге тек керекті заттарды: пакетке салынған құжатты, ақшаны, медициналық дәрі қобдиша, үш күндік азық-түлік қорын, төсек-орын бұйымдары мен дәретхана керек-жарақтарын, үстіңгі киім-кешек жинағын және аяқ киімді алу қажет;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Төтенше жағдайлар кезінде – 112 нөмеріне хабарласыныздар

ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТЫНЫШТЫҚТЫ ЖӘНЕ САБЫРЛЫҚТЫ САҚТАНЫЗДАР – СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ!!!

 

Су басқаннан кейін:

  • құтқару қызметінің нұсқаулығын қолданыңыз және радионы тыңдаңыз;
  • тұрғын үйге жақындаған кезде үзілген және салбырап тұрған электр сымдарынан сақтаныздар;
  • электрлік жүйені мамандар тексергенше дейін электр құрылғылармен қолданбау қажет;
  • үйге кірген кезде абайлаңыз, барлық оның құрылымының беріктігін (қабырға, еден) тексеріңіз;
  • ішкі бөлмелерді қараған кезде ауада газдың ықтимал болуына байланысты жарық көзі ретінде сіреңкені, шырақтарды және т.б. қолданбау қажет. Осы мақсатқа электр шамын қолдану қажет;
  • суға тиген азық-түлікті және су қорын қолданбастан бұрын, тазалық сақтау инспекциясына тексерту қажет. Суды тартып шығару әдісімен құдықтарды кептіру қажет;
  • Тұрғын үйді тексеріп кептіру керек, жиһаздарды, асхана құралдарын, ыдыстарды тазарту қажет. Осы мақсатқа ағартқыш пен қайнаған суды қолдану қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-suyksai/press/news/details/1176063?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді