ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Шымкент қаласында жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіруге арналған ашық кездесулер жалғасуда. Осындай кездесулердің бірі қалалық кардиологиялық орталықта ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласының өкілдеріне жаңа Конституция мен алдағы референдумның негізгі қағидаттары мен маңызы түсіндірілді.

Кардиоорталық ұжымы алдында А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры Еркінбек Жалбұров сөз сөйледі. Ол осыдан отыз жыл бұрын қабылданған қолданыстағы заң қазіргі қоғамның сұранысына толық жауап бере алмайтынын, сондықтан жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындағанын атап өтті.

«Негізгі идея қарапайым: мемлекет азаматқа қызмет етеді. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін. Сондықтан 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум Қазақстанды ауқымды жаңғыртудың бастамасы болмақ. Бұл жай ғана рәсім емес, әрбір адамның қоғамдағы орны айқындалған жаңа жүйені қалыптастыру», — деді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1176364?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді