
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АРДАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Төлеби ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жасы тоқсаннан асқан қариялардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы аналардың елдің өсіп-өркендеуіне, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Мереке қарсаңында аудандағы ардақты аналар Балтажан Абдрухманова, Замира Раимқулова, Гүлбазар Есенова және Жарқынкүл Көбетаева аудан әкімінің арнайы құттықтауын қабыл алды. Өз кезегінде көпбалалы аналар құрмет үшін алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ ЧЕСТВОВАЛИ ПОЧЕТНЫХ МАТЕРЕЙ
В Толебийском районе к Международному женскому дню 8 марта чествовали пожилых женщин. Аким района Еркегали Алимкулов специально посетил дом пожилых людей старше девяноста лет и поздравил их с праздником.
В ходе встречи глава района отметил, что матери вносят неоценимый вклад в процветание страны, воспитание поколений. В преддверии праздника поздравления акима района приняли ветераны Балтажан Абдрухманова, Замира Раимкулова, Гульбазар Есенова и Жаркынкуль Кобетаева. В свою очередь, многодетные матери поблагодарили за уважение и дали свои благословения.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1176635?lang=kk

Жауап қалдыру