
Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде дауысында — сабыр, шешімінде — нақтылық, жүрегінде — шынайы жанашырлық бар маман қызмет атқарады. Ол — диспетчер Қымбат Нұрсейіт. Жоғары білім алған соң, 2014 жылы ол өз өмір жолын азаматтық қорғау саласымен байланыстырып, жауапты да абыройлы қызметті таңдады. Алғашқы күннен бастап жауапкершілігімен, төзімділігімен және кәсіби өсуге деген ұмтылысымен ерекшеленіп, әр ауысым сайын тәжірибесін шыңдап келеді. Диспетчердің жұмысы — жай ғана қоңырау қабылдау емес, бұл — адам тағдыры шешілетін санаулы сәттер. Әрбір дабылдың ар жағында үрей мен үміт бар. Қымбат Нұрсейіт — түнгі тыныштықтағы сабыр, сенімділік пен беріктік символы. Осындай мамандар күн сайын ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, көзге көрінбейтін ерлік иесі болып қала береді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1176321?lang=kk

Жауап қалдыру