«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық мәдениет сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аналарды ардақтап, олардың қоғамдағы рөлін айшықтауға бағытталған тағылымды шара жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік жиын аудандық орталықтандырылған Отырар кітапханасы ұйымдастырған арнайы кітап көрмесінен бастау алды. Көрмеде ананың мейірімі мен әйел-аналардың қоғамдағы орны туралы әдебиеттер мен танымдық материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені тамашалау барысында оқушылар аналарға арнап өлең жолдарын оқып, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Салтанатты шара аудандық мәдениет сарайы өнерпаздарының әсерлі театрландырылған қойылымымен жалғасын тапты. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзахов барша аналарды көктемнің көрікті мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Құттықтау сөздерінде аналардың отбасы мен қоғамдағы ерекше орны, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегі атап өтіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар аналарға аудан әкімі мен мәслихат төрағасының Алғыс хаттары табысталды.

Мерекелік кеш аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем әндер мен әсерлі билер, көркем сахналық қойылымдар аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік кештің сәнін арттырды.

Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы аналарға деген құрмет пен ризашылық білдіріліп, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақты үлкенді сыйлауға, ізгілік пен адамгершілік құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу мақсат етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1177014?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді