
Үлгілі ауылында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Үлгілі ауылдық округі әкімінің кубогі үшін волейболдан аймақтық турнир ұйымдастырылды. Аталған жарыс Үлгілі ауылындағы Үлгілі орта мектебінің спорт залында өтті.
Турнирге ауданға қарасты ауылдық округтер мен елді мекендерден келген командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Спортшылар тартысты ойын көрсетіп, командалық ұйымшылдық пен жоғары дайындық деңгейін паш етті. Әрбір кездесу көрермендерге ерекше әсер сыйлап, спорттық бәсекенің көркін қыздырды.
Жарыстың негізгі мақсаты – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауыл жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Осындай спорттық шаралар ауыл тұрғындарының белсенділігін арттырып, жас буынның спортқа деген қызығушылығын оятады.
Турнир қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Үлгілі ауылдық округі әкімінің кубогі, Дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1177019?lang=kk

Жауап қалдыру