Абай облысы Полиция департаменті ескертеді: Қылмыстың куәсі болсаңыз — қалай дұрыс әрекет ету керек?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тергеу басқармасы еске салады: қылмыс жасалғаннан кейінгі алғашқы минуттар оның ашылуына тікелей әсер етеді. Көп жағдайда шешуші рөлді куәлардың байқампаздығы мен дер кезінде жасаған әрекеті атқарады.

Егер сіз қылмыстың куәсі болсаңыз:

🔹Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіңіз
Күдіктілермен қақтығысқа түспеңіз және оларды өз бетіңізше ұстауға тырыспаңыз. Бұл қауіпті әрі полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

🔹Дереу полицияға хабарласыңыз
«102» арнасына қоңырау шалыңыз немесе жақын маңдағы полиция нарядына жүгініңіз.
Хабарлау кезінде оқиға болған жері мен уақытын, құқыққа қарсы әрекеттің сипатын, күдіктінің белгілері (бойы, киімі, сыртқы ерекшеліктері), оның қай бағытқа кеткенін; көлік туралы мәліметтерді (маркасы, түсі, мемлекеттік нөмірі), егер бар болса нақты көрсетіңіз.
Тіпті болмашы көрінген мәліметтің өзі дәлел ретінде маңызды болуы мүмкін.

🔹Оқиға орнын сақтаңыз
Мүмкіндігінше заттарға қол тигізбеңіз және ештеңені қозғамаңыз. Бұл жедел-тергеу тобына айғақтарды бастапқы күйінде тіркеуге мүмкіндік береді.

🔹Объективті түсініктеме беріңіз
Полиция қызметкерлері келген кезде өз көзіңізбен көрген мән-жайларды ғана нақты әрі толық баяндаңыз. Дұрыс емес ақпарат немесе жорамал тергеуге кедергі келтіруі мүмкін.

Егер жеке қауіпсіздігіңізге алаңдаушылық болса, бұл туралы міндетті түрде хабарлаңыз. Заңнамаға сәйкес куәларды қорғау шаралары қарастырылған.

‼️Тергеу басқармасы атап өтеді:
қылмыстардың ашылуы — құқық қорғау органдарының кәсіби жұмысы мен қоғамның азаматтық жауапкершілігінің нәтижесі.

Әрбір хабарлама, әрбір дерек, әрбір шынайы айғақ шешуші дәлелге айналуы мүмкін.
Бейжай қалмаңыз. Қылмыс туралы дереу хабарлаңыз. Тергеуге заңды түрде қолдау көрсетіңіз.

Қоғам қауіпсіздігі — сіздің принципті ұстанымыңыздан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1177123?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді