Әріптесіміз – «Аяулы ана» байқауының жеңімпазы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әріптесіміз – «Аяулы ана» байқауының жеңімпазы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қоғамдағы ана мәртебесін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және ұрпақ тәрбиесіндегі ананың маңызды рөлін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Аяулы ана» республикалық байқауында әріптесіміз Мирзабаева Марина Турлибековна І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған байқауда Марина Турлибековна өзінің өнегелі ана ретіндегі үлгісімен, отбасы құндылықтарын дәріптеудегі белсенділігімен ерекшеленіп, жеңімпаз атанды. Бұл марапат – әріптесіміздің тек қызметте ғана емес, отбасы мен қоғамда да үлгі боларлық тұлға екенін көрсетеді. Ұжым атынан Мирзабаева Марина Турлибековнаны лайықты марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз. 🎉

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-priozersk/press/news/details/1177151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді