ДИҚАН АУЫЛЫНДА МАС-РЕСТЛИНГТЕН АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Диқан ауылындағы саябақта Диқан ауылдық округі әкімінің кубогі үшін мас-рестлингтен аймақтық турнир өтті. Ұлттық спорт түрін насихаттап, жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа әр ауылдан келген спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты.

Турнирдің ашылу салтанатында ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай спорттық шаралардың жастардың күш-жігерін шыңдап, ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен төзімділігін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді. Әрбір кезең жанкүйерлердің ерекше қолдауымен өтіп, сайыс алаңы қызу тартысқа толы болды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жүлделі орындарды иеленіп, Диқан ауылдық округі әкімінің кубогімен, Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1177154?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді