
Астана, 2026 жылғы 9 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.
Сұхбат барысында Е.Көшербаев израильдік әріптесіне Израильде жүрген ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдем көрсету туралы өтініш білдіріп, бұл мәселе еліміз үшін басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде Г.Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салатынын жеткізіп, бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алатынына сендірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1177161?lang=kk

Жауап қалдыру