ҚАЖ департаментінде жеке құраммен жұмыс мәселелері бойынша жедел кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Өзіндік қауіпсіздік және жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармаларының қызметкерлерімен бірлескен жедел кеңес өткізілді.

 

Кеңес барысында жеке құраммен жұмыс жүргізудің өзекті мәселелері талқыланып, қызметтік тәртіпті нығайту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бағыттары қарастырылды.

 

Сонымен қатар, жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қозғалып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптары мен әдеп кодексінің нормалары жан-жақты түсіндірілді. Қызмет барысында заңдылықты қатаң сақтау, әдеп нормаларын ұстану және азаматтармен қарым-қатынаста жоғары мәдениет таныту қажеттігі ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1177137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді