🔰 САРЫАҒАШ: «№29 ҰЛЫҚБЕК АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Департаментпен бекітілген жоспардан тыс тексеру тағайындау актісіне сәйкес Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты “№29 Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Рауан Жұмадулаұлы жүргізілген тексерудің қорытындысымен таныстыру және еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына түсіндірме беру мақсатында “№29 Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын жүзеге асыру, “enbek.kz” порталына штаттық кестені енгізу және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылыңына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру