Бүгін, Департаментпен бекітілген тексеруді тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Созақ ауданындағы іс сапары барысында «DRILLING COMPANY» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы Серіктестік қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру