2026 жылдың 2 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2026 жылдың 2 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 227 хабарлама қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25% – ға аз                   (303 хабарлама), 93 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3% – ға артық (96 хабарлама).

Басқармаға 2026 жылдың 2 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 321 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 177 (55%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 144 (45%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 29% – ға артық (248 акт, 124 (50%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 124 бас тартылды (50%).

2026 жылдың 2 айында Басқарма 8 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2026 жылдың 2 айында заңнаманы бұзғаны үшін 102 әкімшілік іс қозғалды:

– мемлекеттік нормативтерді бұзу, 3 іс (1 730 000 теңге. 312-бап);

– ЖСҚ және сараптамасыз, 47 іс (6 617 250 теңге, 316-бап);

– авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 3 іс (1 634 850 теңге, 317-бап);

– инжинирингтік қызметтерді бұзу, 1  іс (1 081 250 теңге, 317-1-бап);

– объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);

– авторлық және техникалық қадағалаусыз, 7 іс (1 211 000 теңге, 321-бап);

– пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 1 іс (64 875 теңге, 322-бап);

– заңсыз пайдалану, 2 іс (129 750 теңге, 323-бап);

– ескертусіз құрылыс, 1 іс (463-бап);

– лицензиялау нормаларын бұзу, 34 іс (4 379 075 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 17 475 175 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 17 475 175 теңге салды (өндіріп алу 11 069 840 теңге немесе 63% құрайды, қалған 37% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ).

2026 жылдың 2 айында 105 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 83 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18% – ға аз (101 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42% – ға аз (36 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 1 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% – ға артық (куәліктер берілмеген).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask/press/news/details/1177861?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді