«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына сәйкес сауда және интеграция министрінің бұйрығымен айқындалған өнім тізбесі бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 350 000 000 (үш жүз елу миллион) теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз беруге қатысу үшін өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-НҚ:
1) Бірінші сортты бидай ұны;
2) Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді);
3) Рожки;
4) Қарақұмық жармасы (дән);
5) Тазартылған күріш (домалақ дәнді);
6) Картоп;
7) Асханалық сәбіз;
8) Басты пияз;
9) Ақ қауданды қырыққабат;
10) Қызанақ («шие», «жүзім» сорттарынан басқа);
11) Қияр («корнишондар» сортынан басқа);
12) Алма;
13) Ақ қант – құмшекер;
14) Күнбағыс майы;
15) Сүйегі бар сиыр еті;
16) Сүйексіз сиыр еті;
17) Тартылған ет;
18) Қой еті, оның ішінде сүйексіз;
19) Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз.
20) Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан);
21) Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті);
22) Тауық (ұшасы);
23) Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда);
24) Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда);
25) Қаймақ (лактозасызды қоспағанда);
26) Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда);
27) Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік;
28) Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
29) Тауық жұмыртқасы (I санатты);
30) Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа);
31) Ac тұзы («Экстра»-дан басқа).
Өтінімдерді қабылдау қолма-қол (қағаз тасымалдағышта) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, №5 кабинет (облыстық филармония ғимараты) мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік субъектісі қарыз беру үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
2) төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
3) Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
4) Азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) болуы;
5) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
7) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің: кепіл, банк кепілдігі, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде болуы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 2026 жылғы 10 наурыздан бастап 16 наурызды қоса алғанда.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат талап етілуі мүмкін.
Мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға қарыз берілмейді. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.
Қарыз беру туралы қорытынды шешімді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі Комиссия қабылдайды.
Туындаған сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
Беркенова Айым Куанышевна – 50-31-54.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kasipkerlik-industiya-innovatsiya/press/news/details/1177618?lang=kk

Жауап қалдыру