
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Айгуль Матановна Ахметова «Елге қызмет» бағдарламасының қонағы болып, еңбек саласындағы өзекті мәселелер бойынша сұхбат берді.
Бағдарлама барысында өңірдегі еңбек қатынастары, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, еңбекті қорғау саласы бойынша өткен жылдың қорытындылары, қол жеткізілген нәтижелер және ағымдағы жылға жоспарланған негізгі міндеттер туралы айтылды.
Сұхбат барысында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Департамент басшысы алдағы уақытта да еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1177849?lang=kk

Жауап қалдыру