ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

«Аманат» партиясының Шымкент қаласындағы филиалында Мемлекеттік Ееңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Мақұлбаев Жеңіс Тіллабайұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізіп еңбек заңнамаларына түсіндірме берді.

Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынасы түзілген еңбек шартына сәйкес туындайды.

Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.

Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.

Еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізілуі мүмкін.

Жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.

#Qurmet

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1177184?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді