Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылдың 10-шы наурызда Ақмола облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті» РММ-де департамент басшысының орынбасары У.Б.Бейсембаев төрағалығымен және департамент қызметкерлерінің қатысуымен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, автомобиль көлігі және кәсіпкерлік салалары қызметкерлерінің «Бірлік» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.О.Шапағатовпен  жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері талқыланып, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті аспектілері қарастырылды. Кездесуге қатысушылар еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз ету, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу және әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1177855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді